Нұрлан Қасымханұлы Қызбергенов

Нұрлан Қасымханұлы Қызбергенов

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әкімі

Туған жері
Ырғыз ауданы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Еңбек жолын 1989 жылы Ырғыз аудандық қаржы бөлімінің аға экономисті болып бастаған

1990-2007 жылдары Ырғыз ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, Мемлекеттік төлем орталығының Ырғыз аудандық бөлімшесінің бас маманы, бөлімше бастығы болып жасаған

2007-2021 жылдары Ырғыз ауылдық округінің әкімі, Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған

2021-2022 жылдары Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы қызметін атқарып келді

2022 жылдың 17 ақпанынан осы уақытқа дейін Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының әкімі

Білімі

1995 жылы – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген

Фото