Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров
- Туған күні
-
12 Қаңтар, 196164 жас
- Туған жері
-
Қазақстан, Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылы
- Отбасы жағдайы
-
үйленген Әбдірова Гүлнар Қабдоллақызы
- Туыстық байланыс
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша
Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жүйесінде (1982–1997)
Қазақстан Республикасының Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы (1997–2000)
Қазақстан Республикасы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары (2000–2002)
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының мемлекеттік инспекторы, Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (2002–2005)
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының меңгерушісі (2005–2009)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші, бесінші және алтыншы сайланымдарының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (2009–2020)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2020)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары (2020–2022)
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы (2022 жылдан бастап)
КСРО ІІМ Қарағанды жоғарғы мектебі (1982)
Заңгер-құқықтанушы
КСРО Ішкі істер министрлігінің Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының күндізгі адъюнктурасы (Мәскеу қаласы)
Германиядағы Джордж Маршалл атындағы Қауіпсіздік мәселелерін зерделеу жөніндегі Еуропалық орталықта басшылық құрамға арналған 4 айлық курстардан өткен
Заң ғылымдарының кандидаты (1987), докторы (1999)
Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасында нашақорлықпен күрестің концептуалды проблемалары (криминологиялық және қылмыстық-құқықтық зерттеу)»
«Құрмет» ордені (2006)
III дәрежелі «Барыс» ордені (16.12.2021)
«Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін» медалі