Нұрлан Мұхаметрақымұлы Борсукбаев
- Туған жері
-
Семей қаласы, Қазақстан
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша
1997 жылы Семей қаласы бойынша салық басқармасының маманы болып бастады
1999-2006 жылдар аралығында Семей қаласы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы, бас салық инспекторы, ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған
2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің өндірістік емес төлемдер басқармасының ҰҚК-мен жұмыс бөлімінің бастығы
2008 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында Салық комитетінің Бородулиха ауданы бойынша салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімін басқарды
2008-2017 жылдар аралығында Семей қаласы бойынша Салық комитетінде тіркеу бөлімінің басшысы, жеке тұлғалардың салықтық аудиті бөлімінің, ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған
2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың маусымына дейін Бесқарағай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасын басқарды
2018 жылдың маусым айынан 2020 жылдың ақпан айлары аралығында Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
2020 жылдың наурызынан 2023 жылдың ақпанына дейін «Smart concept» ЖШС директоры қызметін атқарды
2023 жылдың наурызынан 2024 жылдың қыркүйегіне дейін Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы лауазымын атқарды
2024 жылдың 1 қазанынанда Абай облысы Жарма ауданының әкімі болып тағайындалды
1997 жылы Семей мемлекеттік университетін «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономика және менеджмент» мамандығы
2006 жылы «Қайнар» университетін «құқықтану» мамандығы