Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков

Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры

Туған күні
5 мамыр 1962, 64 жаста
Туған жері
Қазақстан, Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

1986–1989 жылдары – Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы

1989–1992 жылдары – аспирантурада оқыды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы дарынды жас ғалымдарға арналған стипендияның иегері болды

1993 жылы – Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы

1993–1996 жылдары – Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінің доценті, кафедра меңгерушісі

1996 жылдан 2013 жылғы 5 маусымға дейін – «Болашақ» Қарағанды университетінің ректоры

2016 жылғы 24 наурыз – 2020 жылғы тамыз аралығында – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

2020 жылғы тамыздан бастап – Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры

Қоғамдық қызметі:

2022 жылғы 14 маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі

2026 жылғы 21 қаңтардан бастап – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі

2026 жылғы 8 мамырдан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі

 

Білімі

1984 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған

1992 жылы Қазақстанның жас ғалымдары құрамында Түркия университеттерінде ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өткен

1994–1997 жылдары Англия, Франция, Бельгия, Испания және Малайзия университеттерінде ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өткен

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2022)

II дәрежелі «Достық» ордені

БЛКЖО Орталық Комитеті мен Қазақстан ЛКЖО-ның Құрмет грамоталары

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттары