Нұрсұлтан Амангелдіұлы Құрманов
Қазақстан футзал қауымдастығының президенті - Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі
Өмірбаяны
«Отырар» телеарнасында еңбек жолын бастаған
«Хабар» телеарнасында диктор, жүргізуші болып жұмыс істеген, «Лидер XXI века», «Жігіт сұлтаны» және басқа да жобаларды жүргізген
YouTube платформасында авторлық спорттық шоулар мен футбол тақырыбындағы подкаст жобаларына жетекшілік еткен
Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті (2021–2023)
БАҚ қызметкерлері мен өнер өкілдеріне арналған "Zhuldyz liga" әуесқой футбол лигасын ұйымдастырған
Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі (2025 жылғы қаңтардан бастап)
Қазақстан футзал қауымдастығының президенті (2025 жылғы 7 сәуірден бастап)
Білімі
Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саяси ғылымдар және философия факультетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген
Марапаттары
«Журналистика» номинациясы бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты