Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов

Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары
Туған күні
04 Шілде, 1982
43 жас
Туған жері
Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Еңбек жолы

2003 жылы «HSBC Банк Қазақстан» ЕБ» АҚ-та Қазынашылық департаментінің трейдері 

2004-2012 жылдары Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаменті дилингтік операциялар басқармасының бас дилері және бастығының орынбасары 

2012-2015 жылдары «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Төрағасының орынбасары

2015 жылы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ төрағасының орынбасары 

2015-2019 жылдары Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаменті зейнетақы активтері басқармасының бастығы және директорының орынбасары лауазымдарын атқарды. Сонымен бірге 2019 жылғы желтоқсан айынан бастап «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі 

2019 жылғы желтоқсаннан бастап 2026 жылғы қаңтарға дейін Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаментін басқарды, Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін, Ұлттық қор активтерін, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, сондай-ақ Ұлттық Банк клиенттерінің активтерін басқаруды жүзеге асырды. Ол ақша-несие саясатын жүзеге асыру, қолма-қол шетел валютасын қамтамасыз ету және мемлекеттің аффинделген алтын сатып алуға басым құқығын жүзеге асыру үшін қаржы нарығының операцияларын қадағалады

2019 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың қаңтарына дейін ол сондай-ақ «ҚР Ұлттық банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі 

 

Білімі

2003 жылы University of Nottingham университетін «Экономика» мамандығы

2020 жылы Nazarbayev University-де «Басшыларға арналған іскерлік басқару» бағдарламасы бойынша біліктілік 

Марапаттары

«Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасы

 «Теңгеге 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медальдары

«Қазақстан Ұлттық Банкінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі

Ұлттық Банк Төрағасының алғыс хаттары

Архив казинформ
Посмотреть еще