Нұржан Хажимұратұлы  Каджиақбаров

Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары

Туған күні
17 желтоқсан 1979, 46 жаста
Туған жері
Қазақстан, Алматы қаласы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

Республикалық арнайы физика-математикалық мектеп-интернаттың олимпиадалық резервті даярлау бойынша математика мұғалімі (1999-2000)

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрілігі Экономикалық саясат департаментінің референті, атташесі (2000-2002)

Қазақстан СІМ-нің Инвестиция жөніндегі комитетінің үшінші хатшысы (2002)

Қазақстан СІМ-нің ТМД істері жөніндегі комитетінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы (2002-2004)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Сыртқы байланыстар бөлімінің сарапшысы (2004-2006)

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас сарапшысы, консультанты, сектор меңгерушісі, осы орталық меңгерушісінің орынбасары (2006-2016)

Қазақстан СІМ-нің ТМД департаментінің директоры (2016-2017)

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі (2017-2022)

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары (28.04.2022 бастап)

Білімі

Қазақстан мемлекеттік басқару академиясы (2000)

РФ СІМ Дипломатиялық академиясы (Магистратура) (2020)