Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов
Су ресурстары және ирригация министрі
Өмірбаяны
Еңбек Қызыл Ту Орденді Ленинград ауылшаруашылық институтында техник, комендант, М.Горький атындағы колхозында механик, Төле би атындағы агробірлестігінде бас инженері (1988-1996 жж)
Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бөлім меңгерушісі, экономика басқармасының бас маманы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы (1996-2008 жж)
Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингін дамыту бөлімінің меңгерушісі (2008-2011 жж)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы (2011-2015 жж)
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы (2015-2018 жж)
Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы (2018-2019 жж)
Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі (2019-2021 жж)
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (2021-2022 жж)
Жамбыл облысының әкімі (2022-2023 жж)
ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Су ресурстары және ирригация министрі (2023 жылғы 4 қыркүйек)
Білімі
Ленинград ауыл шаруашылығы институты (1991)
Мамандығы: «Инженер-механик»
Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті (2008)
Мамандығы: «Экономист»
Еліміздің су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды
Елді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету қарқыны соңғы үш жылда бірнеше есе артты
Үш жылда су саласындағы ұзаққа созылған жобалар саны екі есеге азайды
Таразда су саласына арналған халықаралық оқу орталығы ашылуы мүмкін
Қызылорда облысында вегетация кезеңіне 3,25 млрд текше метр су лимиті бекітілді