Олжас Ермекұлф Ысқақов

Олжас Ермекұлы Ысқақов

Республикалық медициналық-санитарлық алғашқы көмек орталығының басшысы
Туған күні
10 Қараша, 1988
37 жас
Туған жері
Қызылорда қаласы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

Еңбек жолын 2013 - 2014 жылдар аралығында Қызылорда қалалық №3 емханасының аймақтық терапевт дәрігері қызметінен бастаған

2014 - 2016 жылдар аралығында №3 қалалық емханада бөлім меңгерушісі, 2016 - 2018 жылдары осы емханада бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары

2018 жылдың ақпан айы мен қыркүйек айы аралығында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің басшысы

2018 - 2021 жыл аралығында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу, алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары

2021 - 2023 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған

2023 жылдың 27 наурызынан бастап Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқаруда

Білімі

2003 жылы Қызылорда медициналық колледжінің «Емдеу ісі» бөліміне түсіп, 2007 жылы бітірген

С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің «Емдеу ісі» факультетіне түсіп, 2012 жылы дәрігер мамандығын алып шыққан

2012-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясынан «Емдеу ісі» мамандығы бойынша интернатурадан өткен

Қазтұтыну одағы экономикалық университетін «Экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандықтары бойынша бітірген

Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент магистрі

Алматы менеджмент университетінде докторантура бойынша өз білімін жетілдіруде.

Архив казинформ
Посмотреть еще