Омар Жақсылық Мұқашұлы

Омар Жақсылық Мұқашұлы

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары

Туған күні
28 қыркүйек 1980, 45 жаста
Туған жері
Жетісу облысы,Алакөл ауданы,Үшарал қаласы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

2001–2005 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің жетекші, бас маманы;

2005–2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің маманы;

2007–2009 жылдары – «Қазақстан» РТРК» АҚ ақпараттық-талдамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары және «Арна медиа» Ұлттық ақпараттық холдингінің бас менеджері;

2009–2010 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі;

2010–2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, кейін басқарма басшысы;

2011–2013 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшысы;

2013–2016 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2016–2018 жылдары – Алматы облысы әкімінің орынбасары;

2018–2024 жылдары – Өскемен қаласының әкімі;

2024 – 04.04.2025 жылдары – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі;

2025 жылғы 7 сәуірден бастап – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Білімі

2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген;

2010 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін аяқтаған;

2018 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.