Рахат Назымбекұлы Смағұлов

Рахат Назымбекұлы Смағұлов

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі

Туған күні
1 шілде 1982, 43 жаста
Туған жері
Ресей Федерациясы; Омбы облысы, Исілкөл ауданы, Қасқат ауылы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

2004 жылдың наурызынан 2005 жылдың наурызына дейін Каскат ауылдық әкімшілігінің маманы болып жұмыс істеді

2005-2006 жылдары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аққайың аудандық аумақтық басқармасының бас маманы-өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы

2006-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің субсидияларды ресімдеу бойынша бас маманы болып жұмыс істеді

2007 жылғы ақпаннан 2008 жылғы сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді

2008 жылдың сәуірінен 2009 жылдың маусымына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді

2009 жылдың маусымынан 2009 жылдың тамызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды

2009 жылдың тамыз айынан 2010 жылдың қараша айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді

2010 жылдың қараша айынан 2015 жылдың мамыр айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді

2013 жылдан 2015 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2015 жылғы маусымнан 2019 жылғы қазанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының ауыл шаруашылығы және жедел мәселелер жөніндегі аудан әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді

2019 жылғы қарашадан 2020 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып жұмыс істеді

2020 жылдың шілдесінен 2024 жылдың тамызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі болып жұмыс істеді

2024 жылдың 7 тамызынан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі болып жұмыс істейді

Білімі

2004 жылы Омбы мемлекеттік аграрлық университетін агрономия мамандығы

2021 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін экономика мамандығы