Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев
ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі
Өмірбаяны
1998–1999 жылдары – Шымкент қаласы әкімшілігінің Сауда және мемлекеттік сатып алу комитетінде жетекші, бас маман
2001 жылы – ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымын мемлекеттік бақылау комитеті аумақтық басқармасының бақылау бөлімінің бастығы
2001–2002 жылдары – Жамбыл облысы бойынша ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігінің аумақтық басқармасында бөлім бастығының міндетін атқарушы, кейін бөлім бастығы
2004–2006 жылдары – Алматы қаласы Салық комитетінің акциздер басқармасында мұнай өнімдері және өзге де акцизделетін тауарлар бойынша акциздерді әкімшілендіру бөлімінің бастығы
2008–2009 жылдары – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Салық комитетінің салықтарды өндіріп алу бөлімінің бастығы
2009–2010 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаментінің акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру басқармасының бастығы
2010–2011 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің акцизделетін өнімдерді әкімшілендіру басқармасының бастығы
2011–2014 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің Алмалы ауданы салық басқармасы бастығының орынбасары, кейін орынбасар басшысы
2015–2018 жылдары – Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары, кейін басшысы
2018–2019 жылдары – Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының, кейін экспорттық бақылау басқармасының басшысы
2019–2020 жылдары – Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары
2020–2024 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы
2024 жылғы – 2025 жылғы 12 наурызға дейін – Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы
2025 жылғы 12 наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі
Білімі
Аулие-Ата университеті (2002) – құқықтану мамандығы
Аулие-Ата университеті (2005) – экономист-қаржыгер
Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (2023) – «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» бағыты бойынша магистр
Марапаттары
«Құрмет» ордені (2021)
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016)
«Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» (2017)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 100 жылдығы» (2021)
«Қаржы қызметінің үздігі» (2022)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» (2024)