Расул Нұрланұлы Рахимов

Расул Нұрланұлы Рахимов

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

Туған күні
29 тамыз 1978, 47 жаста
Туған жері
Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru, en

Өмірбаяны

«Үлбі металлургия зауыты» АҚ бериллий өндірісінің 4-разрядты аппаратшысы, бериллий өндірісінің технологиялық бюросының инженері-технологы, бериллий өндірісінің маркетинг жөніндегі менеджері (2000-2006)

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Стратегиялық даму және инновациялық қызмет орталығының директоры (11.2006-05.2007)

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті – Хатшылығының кеңесшісі (05.2007-09.2007)

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриялық саясатты үйлестіру басқармасының бастығы (09.2007-03.2008)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының консультанты (03.2008-09.2009)

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарушы директоры (09.2009-09.2012)

БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) Тұрақты даму департаментінің басшысы, бағдарламалық талдаушы және портфельдік менеджері (09.2012-01.2018)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының Бәсекеге қабілеттілікті талдау секторының меңгерушісі (01.2018-08.2018)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі орынбасары, Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі орынбасары (08.2018-10.2021)

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі (21.10.2021-11.2022)

Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі (01.12.2022 жылдан бастап)

Білімі

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті (2000)

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (2002)

Бранденбург техникалық университеті (2004)

Оксфорд университеті (2006)

Марапаттары

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2020)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Алғысы (2020)

БҰҰ Даму бағдарламасының «Outstanding Achievement Award» марапаты (2017)