Ренат Тілеуханұлы Құрманбаев
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының әкімі
Өмірбаяны
Еңбек жолын 1994 жылы Большенарым тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында абаттандыру бойынша жұмысшы болып бастаған
1998 жылдан 2003 жылға дейін: Жаңаүлгі кіші орта мектебінде; Ульянов кіші орта мектебінде; Большенарым ауылының Дамитов атындағы орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді
2003 жылғы ақпаннан 2009 жылғы мамырға дейін Катонқарағай ауданында мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымдарды атқарды: ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы; Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр бөлімінің басшысы
2009 жылдың мамыр айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болып тағайындалды
2011 жылдың маусымынан 2019 жылдың маусымына дейін Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды
2019 жылдың маусым айынан бастап Катонқарағай ауданының әкімі қызметін атқарды. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап Ұлан ауданының әкімі
2023 жылдың мамыр айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды
2023 жылдың тамызын айынан бастап Алтай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдың қараша айынан Алтай ауданы әкімі
Білімі
1994 жылы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжіне «Еңбекті оқыту» мамандығы
2001 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітіріп, «Инженер-педагог» біліктілігі
2006 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақстан-Америка еркін университетін бітірген