Римма Ивановна Ким
Балерина
Өмірбаяны
1968 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік ән және би ансамблінде балет солисі әрі балетмейстер болып қызмет атқарды
1968–2008 жылдары Мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында балет солисі, балетмейстер және бас балетмейстер болды
1988 жылдан бастап «Бидульги» («Көгершіндер») ансамблінің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі
«Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының актрисасы
Театрдың әртүрлі қойылымдарына 50-ден астам би нөмірін сахналады. Сондай-ақ театр қойылымдарында 50-ден астам би партиясын орындады
Қойылымдық жұмыстары
Қоюшы-хореограф ретінде Мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театрында:
- «Чун Хян қыз туралы аңыз» спектаклі;
- «Сим Чён қыз туралы аңыз» спектаклі;
- «Янбан туралы аңыз» спектаклі;
- «Қоян туралы аңыз» спектаклі;
- «Пучечум» (желпуіштер биі);
- «Согочум» (сого барабандарымен орындалатын би);
- «Букчум» (бук барабандарымен орындалатын би);
- «Кхальчум» (пышақтар биі);
- «Хамбальчум» (хамбаль қоңырауларымен орындалатын би);
- «Муданчум» (шамандық би);
- «Сальпхури» (орамалдар биі);
- «Испан биі»;
- «Ояну» биі және басқа да қойылымдар.
Білімі
1964 жылы Ташкент хореографиялық училищесін тәмамдаған
1983 жылы А.В. Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын (ГИТИС) «Қоюшы-режиссер» мамандығы бойынша бітірген
Марапаттары
«Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай» медалі (1970)
«Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы (1982)
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы (1986)
«Еңбек ардагері» медалі (1988)
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасы (1992)
«Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы (1995)
Корея Республикасы Президенті Ким Дэ Чжунның Алғыс хаты (2001)
Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасы (2011)
Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік стипендиясы (2020)
«Парасат» ордені (2026)