Ринат Нұрғожаұлы Ізмұханбет

Ринат Нұрғожаұлы Ізмұханбет

«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы)
Туған күні
16 Қыркүйек, 1976
49 жас
Еңбек жолы

Еңбек жолын 1999 жылы «Қазақтүрікмұнай» ЖШС компаниясында басқару пультінің операторы ретінде бастап, мұнайды өндіру жөніндегі шебер, инженер, Үкіметпен байланыс және жиынтық-техникалық талдау бөлімі бастығының орынбасары, өндірісті дамыту жөніндегі бөлім бастығы болып жұмыс атқарды.

2016-2017 жж. аралығында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, ал, 2017-2020 жылдар аралығында бас директоры лауазымында жұмыс жасады.

2020 — 2022 жж. аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай және газ өндіру басқармасының бастығы.

2022 жылдың қазан айынан 2024 жылғы шілде айы аралығында «Қазгермұнай» БК» ЖШС-де Бас директордың бірінші орынбасары, кейін Бас директоры лауазымдарын атқарды.

Білімі

1998 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің мұнай-химия факультеті «Тау-кен инженері» маманды

Мәскеу қаласындағы ММХҚИ қосымша білім беру бағдарламасы бойынша «Халықаралық мұнай-газ бизнесі» іскерлік әкімшілендіру шебері дәрежесіне иеленді

 

Марапаттары

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

 

Архив казинформ
Посмотреть еще