Әркен Хамитұлы Өтенов
- Туған күні
-
15 Қараша, 198342 жас
- Туған жері
-
Алматы облысы, Қазақстан
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша
Еңбек жолын 2006 жылы «Казинвестбанк» АҚ корпоративтік клиенттермен жұмыс бойынша менеджері болып бастаған
Әр жылдары елдің банк саласында қызмет атқарған. Одан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде қызмет атқарған
2019 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары
2019 жылғы желтоқсаннан бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы
2020 жылғы қазаннан 2024 жылғы 30 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары қызметін атқарған
2006 жылы Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін
2010 жылы Карнеги Меллон университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі) бітірген
Халықаралық қатынастар маманы, мемлекеттік саясат және басқару ғылымының магистрі
Дипломатиялық дәрежесі - І сыныпты кеңесші
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған