Руслан Болатұлы Халықов
- Туған жері
-
Қазақстан, Қостанай облысы, Жангелді ауданы
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша
Еңбек жолын 2009 жылы Қостанай қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы болып бастаған. Бір жылдан кейін ол мемлекеттік қызметтегі мансабын бастады
2010-2014 жылдар аралығында Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы болып жұмыс істеді
2014-2017 жылдар аралығында Алтынсарин ауданында әкім аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды
Кейіннен ол «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалының бөлім меңгерушісі болып тағайындалды. 2018 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді
Қарабалық ауданының әкімі болып тағайындалғанға дейін, ол Қамысты ауданы әкімінің орынбасары болған
Аудан аумағында Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың басқа да актілерінің орындалуын ұйымдастырады, ауданның халық шаруашылығы кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыс әкімінің аппаратымен, облыстық департаменттермен және басқармалармен өзара іс-қимыл жасайды
«Қазақстан-2050» бағдарламасының орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Кадр саясатын жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды
Мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жауапты болады
2008, 2011 жылдары А.Байтұрсынов Қостанай мемлекеттік университетін «Қаржы», «Құқықтану» мамандықтары