Хамбаров Руслан Геннадьевич

Руслан Геннадьевич Хамбаров

«Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы.

Туған күні
17 наурыз 1988, 38 жаста
Туған жері
Қазақстан, Жамбыл облысы Тараз қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru, en

Өмірбаяны

Өскемен қаласындағы «Қазмырыш» ЖШС қаржы жөніндегі вице-президентінің көмекшісі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Өскемен қалалық Салық басқармасында заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің бас салық инспекторы (2011 жылғы наурыз – 2011 жылғы қараша)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Өскемен қалалық Салық басқармасында заңды тұлғаларды аудиттеу бөлімінің бас салық инспекторы (2011 жылғы қараша – 2012 жылғы мамыр)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің Қазыбек би ауданы бойынша Салық басқармасында заңды тұлғаларды аудиттеу бөлімінің бас маманы (2012 жылғы мамыр – 2013 жылғы наурыз)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасында заңды тұлғаларды салықтық аудиттеу бөлімінің бас маманы (2013 жылғы наурыз – 2013 жылғы мамыр)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша Салық департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасында заңды тұлғаларды салықтық аудиттеу бөлімінің бастығы (2013 жылғы мамыр – 2013 жылғы шілде)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Астана қаласы бойынша Салық департаментінің салықтық аудит басқармасы №2 аудит бөлімінің басшысы (2013 жылғы шілде – 2014 жылғы қараша)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аудит басқармасы №2 аудит бөлімінің басшысы (2014 жылғы қараша – 2015 жылғы қазан)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы (2015 жылғы қазан – 2018 жылғы шілде)

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (2018 жылғы шілде – 2020 жылғы наурыз)

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (2020 жылғы наурыз – 2021 жылғы сәуір)

Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары (2021 жылғы сәуір – 2022 жылғы сәуір)

Жеке кәсіпкерлікпен айналысты (2022 жылғы шілде – 2025 жылғы шілде)

«Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (2025 жылғы тамыз – 2026 жылғы мамыр)

«Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы (2026 жылғы мамырдан бастап)

Білімі

Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты (2010)
«Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар бакалавры

«Тұран-Астана» университеті (2014)
Экономика және бизнес магистрі

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жастар кадр резервінің мүшесі

Марапаттары

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2020 жылғы 3 желтоқсан)