Руслан Әкімжанұлы Аңбаев
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі
Өмірбаяны
Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің аға салық инспекторы болып бастаған
2002 жылдан 2015 жылға дейін Есіл, Тайынша және Тимирязев аудандарының салық қызметі органдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді
2015 жылдан 2019 жылдың қаңтарына дейін СҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті
2019 жылы Мамлют ауданының әкімі болып тағайындалды
2020 жылдың қазан айында Тайынша ауданының әкімі болып тағайындалды
2022 жылғы 5 тамыздан 2023 жылғы 30 маусымға дейін облыс әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Петропавл қаласының әкімі болып тағайындалды
Білімі
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ді "экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген, сондай-ақ агроном және заңгер мамандығы бар