Рүстем Еслямбекұлы Нұрпейісов

Рүстем Еслямбекұлы Нұрпейісов

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

Туған күні
15 қазан 1971, 54 жаста
Туған жері
Қазақстан, Көкшетау облысы, Көкшетау ауданы, Қарлыкөл ауылы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

1992 жылғы қаңтар – 1994 жылғы тамыз – Көкшетау облысы Уәлиханов ауданындағы «Авангард» совхозы директорының орынбасары

1994 жылғы тамыз – 1997 жылғы ақпан – Көкшетау облысы Уәлиханов ауданының салық инспекциясында маман

1997 жылғы ақпан – 1997 жылғы шілде – Көкшетау облысы Уәлиханов ауданының қаржы бөлімінде маман, жетекші маман

1997 жылғы тамыз – 1999 жылғы шілде – Солтүстік Қазақстан облысы Зеренді аудандық қаржы бөлімінің маманы

1999 жылғы шілде – 2002 жылғы шілде – Ақмола облыстық қаржы басқармасының бас маманы

2002 жылғы тамыз – 2015 жылғы қаңтар – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде мемлекеттік ревизор-кеңесші, бас сарапшы – бас мемлекеттік ревизор, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары

2015 жылғы қаңтар – 2016 жылғы қаңтар – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің экономиканы дамытуға мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі

2016 жылғы қаңтар – 2016 жылғы желтоқсан – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің экономиканы дамытуға мемлекеттік аудит бөлімінің меңгерушісі

2016 жылғы желтоқсан – 2017 жылғы шілде – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің әдіснама және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі

2017 жылғы шілде – 2017 жылғы тамыз – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің алдын ала бағалау секторының меңгерушісі

2017 жылғы қыркүйек – 2018 жылғы маусым – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ішкі аудит және бақылау департаментінің директоры

2018 жылғы маусым – 2018 жылғы шілде – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының мемлекеттік аудит бөлімінің басшысының орынбасары – мемлекеттік аудитор

2018 жылғы тамыз – 2021 жылғы маусым – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының нақты сектор аудиті бөлімінің басшысы – мемлекеттік аудитор

2021 жылғы маусым – 2022 жылғы қараша – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі

2022 жылғы қарашадан бастап – Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі

Білімі

Ақмола қаржы-экономикалық колледжі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Мемлекеттік аудиттің жоғары санатты аудиторы, бірқатар халықаралық сертификаттардың иегері (CIPFA Public Auditor, Ұлыбритания; Мемлекеттік аудит жүйесі, Жапония)

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2020)

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2008)

«Қаржы сақшысы» II және III дәрежелі ведомстволық медальдары (2016, 2018)

Мерейтойлық медальдар: «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020)

«Қаржы бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі (2012)

Фото