Сәбит Қадрұлы Дүйсекенов
- Туған күні
-
09 Маусым, 198738 жас
- Туған жері
-
Батыс Қазақстан облысы
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша
2012 жылы Маңғыстау облысындағы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром ӨБ» РМҚК «Кендірлі Қаясан» мемлекеттік қорығының күзет қызметінің бастығы қызметінен бастады
2014 жылы «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Батыс өңірлік филиалының директоры болып тағайындалды\
Ал 2017 жылы «Кендірлі Қаясан» Мемлекеттік қорық аумағының күзет қызметінің басшысы, «Охотзоопром ӨБ» РМҚК Орал өңірлік филиалының басшысы, сондай-ақ, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орал өңірлік филиалының басшысы қызметтерін атқарды
2017 және 2023 жылдар аралығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Ақтөбе өңірлік филиалының басшысы болып жұмыс жасаған
2023 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ, «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы қызметтерін атқарды
2005 жылы Орал қаржы-экономикалық колледжін «Салық ісі»
2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Қаржы»
2014 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану»
2016 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» (құқық магистрі), мамандықтары бойынша бітірген
2006 - 2007 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Әскери институтында әскери борышын өтеген