Сәкен Исмадиярұлы Бибосынов

Сәкен Исмадиярұлы Бибосынов

Боксшы

Туған күні
3 шілде 1997, 28 жаста
Туған жері
Өзбекстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

2019 жылы Қазақстанда өткен Президент Кубогында финалға дейін жетіп, отандасы Махмұт Сабырханды жеңіп, 1-орын иеленді

2019 жылы Екатеринбургте өткен бокс бойынша әлем чемпионатында жартылай финалда Үндістан өкілі Амит Пангалға есе жіберіп, қола жүлдегер атанды

2020 жылы Қазақстан чемпионатында Махмұт Сабырханнан ұтылып, 2-орын алды

2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында жартылай финалда Ұлыбританиялық Галал Яфайға жол беріп, қола медаль жеңіп алды

2021 жылы Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатында финалда АҚШ өкілі Роско Хиллді жеңіп, әлем чемпионы атанды

2021 жылы Иорданияда өткен Азия чемпионатында қола жүлде иеленді

2022 жылы Иорданиядағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер болды

2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысқанымен, жүлде ала алмады

2025 жылы Дубайда (БАӘ) өткен IBA әлем чемпионатында финалда ресейлік Вячеслав Рогозинді жеңіп, әлем чемпионы атанды

Марапаттары

2021 жылғы 13 тамызда «Құрмет» орденімен марапатталған

Фото