Сәкен Салхадинұлы Мырзабек

Сәкен Салхадинұлы Мырзабек

Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы

Туған күні
8 шілде 1980, 46 жаста
Туған жері
Қазақстан, Қызылорда облысы Жауғаш ауданы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

2001 жылғы 6 тамыз - 2002 жылғы 7 мамыр аралығында Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінің (Қызылорда қаласы) заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің бас маманы болды

2002 жылғы 7 мамыр - 2002 жылғы 24 қазан аралығында Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінің өндірістік емес салықтық төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы қызметін атқарды

2002 жылғы 24 қазан - 2003 жылғы 29 мамыр аралығында Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғаларға аудит жүргізуді ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болды

2003 жылғы 29 мамыр - 2003 жылғы 10 қараша аралығында Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғаларды аудиттеу бөлімінің бас маманы қызметін атқарды

2003 жылғы 10 қараша - 2004 жылғы 30 желтоқсан аралығында Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінің ірі салық төлеушілер басқармасындағы заңды тұлғаларды аудиттеу бөлімінің бас маманы болды

2004 жылғы 30 желтоқсан - 2008 жылғы 28 шілде аралығында Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінің салықтық тіркеу басқармасындағы бақылау-кассалық машиналарды тіркеу бөлімінің бастығы қызметін атқарды

2008 жылғы 28 шілде - 2009 жылғы 21 қыркүйек аралығында Қызылорда облысы бойынша Салық департаментінің салық төлеушілермен жұмыс басқармасындағы заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің бастығы болды

2009 жылғы 21 қыркүйек - 2013 жылғы 13 наурыз аралығында Қызылорда облысы бойынша Салық департаментінің салық төлеушілермен жұмыс басқармасының бастығы қызметін атқарды

2013 жылғы 13 наурыз - 2013 жылғы 25 шілде аралығында Қызылорда облысы бойынша Салық департаментінің салық төлеушілермен жұмыс басқармасының бас маманы болды

2013 жылғы 25 шілде - 2014 жылғы 17 қараша аралығында Қызылорда облысы бойынша Салық департаментінің салық төлеушілермен жұмыс басқармасының басшысы қызметін атқарды

2014 жылғы 17 қараша - 2019 жылғы 17 мамыр аралығында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық бақылау басқармасының басшысы болды

2019 жылғы 17 мамыр - 2019 жылғы 17 қазан аралығында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы қызметін атқарды

2019 жылғы 17 қазан - 2022 жылғы 26 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары болды

2022 жылғы 28 қаңтар - 2022 жылғы 10 тамыз аралығында «Береке KZ» ЖШС директоры қызметін атқарды

2022 жылғы 15 тамыз - 2022 жылғы 20 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ардагерлермен жұмыс бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болды

2022 жылғы 21 қыркүйек - 2023 жылғы 29 қазан аралығында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды

2023 жылғы 30 қазан - 2025 жылғы 12 маусым аралығында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болды

2025 жылғы 25 маусымнан бастап - Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы

Білімі

2001 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған