Сәкен Әсембекұлы Қаныбеков

Сәкен Әсембекұлы Қаныбеков

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы
Туған күні
26 Тамыз, 1966
59 жас
Туған жері
Түркістан облысының , Төлеби ауданы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

1992 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Мичурин атындағы колхоз мүшесі, бригадир көмекшісі, бас агроном орынбасары болып бастаған.

1992–1995 жылдары — «Бақтілеу» фирмасында халық тұтынатын тауарларды сату цехының бастығы, директор орынбасары, Алматы қаласы.

1995–2000 жылдары — «Заман» ЖШС директор орынбасары, Алматы қаласы

2000–2006 жылдары Шымкент қаласындағы «НИМЭКС корпорациясы» ЖШС-да түрлі лауазымды қызметтер 

2006–2009 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі

2009–2010 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-аумақтық және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы

2010–2016 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

2016–2021 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымындағы депутаты

2021–2022 жылдары — «Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС басқарма төрағасы

2024 жылғы 11 қарашадан 2025 жылғы 25 маусымға дейін ҚР АШМ АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары 

2025 жылғы 25 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы 

Білімі

Қазақ ауыл шаруашылығы институты (1988)
Ғалым-агроном

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (2003)
Экономист

 

Марапаттары

«Парасат» ордені (24.10.2025)

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Астанаға 20 жыл» (2018) мерейтойлық медальдары

«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі (2018)

Түркістан облысы Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы» құрметті атағы (2019)

Архив казинформ
Посмотреть еще