Саягүл Айдарқызы Қайыргелдина
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК директоры
Өмірбаяны
Киев №3 орта мектебінің тәрбиешісі (1990)
Жоғары оқу орнында оқытушы, доцент
«Заманауи медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМК медициналық халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы, инновациялық және білім беру қызметі басқармасының бас сарапшысы, бас менеджері
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының сарапшысы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» АҚ президенті (2017–2019)
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының шипажайлар өкілдігінің басшысы (2019–2021)
Қарағанды медицина университетінің Кәсіптік денсаулық клиникасы курортология орталығының басшысы (2021–2022)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК директоры (2022 жылдан бастап)
Білімі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Қарағанды заң академиясы
Қалпына келтіру медицинасы халықаралық университеті (Мәскеу қаласы), «Қалпына келтіру емі және медициналық реабилитология» мамандығы
«Астана» медицина университеті, «Денсаулық сақтаудағы менеджмент және маркетинг» мамандығы
Ғылыми дәрежесі мен атағы:
PhD докторы
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының профессоры
Марапаттары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Дамуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
Қазақстан Республикасы салалық кәсіподағының «Еңбек даңқы» төсбелгісі
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі
«Еңбек озаты» медалі
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» шипажайының мерейтойлық медалі
«Құрмет» ордені