Салтанат Түйтебаев

Салтанат Түйтебаев

Марафоншы

Туған жері
Қазақстан, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

Салтанат Түйтебаев еңбек жолын білім беру саласында бастап, мұғалім, мектеп директоры, білім бөлімінің инспекторы және кәсіптік-техникалық училище басшысы қызметтерін атқарған

Соңғы жылдары ардагер спортшы халықаралық марафон жарыстарында жоғары нәтижелер көрсетіп келеді

Ол Сингапур, Дубай, Доха, Анталья, Малага және Амстердам қалаларында өткен халықаралық марафондардың жеңімпазы атанған

2016 жылы Австралияның Перт қаласында өткен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында 70 жастан жоғары санатта күміс медаль иеленді

2017 жылы Жаңа Зеландияның Окленд қаласында өткен Дүниежүзілік ардагерлер ойындарының чемпионы атанды

Сонымен қатар, 2021 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен марафонда 75 жастан жоғары жас санатында екінші орынға ие болды

Білімі

Алматы қаласындағы педагогикалық институтты тәмамдаған

Марапаттары

«Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталған