Сандуғаш Әбдіразаққызы Ерсеитова

Сандуғаш Әбдіразаққызы Ерсеитова

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысы

Туған күні
13 желтоқсан 1977, 48 жаста
Туған жері
Қазақстан; Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот қаулыларын орындау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің сот орындаушысы (1999–2001)

ҚР Жоғарғы сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша соттар әкімшісінің сот орындаушысы (2001–2002)

ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы (2002–2003)

ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің бас маманы (2003–2004)

ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің бөлім бастығы (2004–2007)

ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің басқарма бастығы (2007–2008)

ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары (2008–2016)

ҚР Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің директоры (2016–02.2023)

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппарат басшысы (2023 жылғы ақпаннан бастап)

 

Білімі

Л.Н.Гумилев ат. Еуразия университеті (1998)

Құқық және құқықтық білім беру әдістемесі

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы (2016)

Құқықтану