Сания Николаевна Смаилова
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы
Өмірбаяны
Возвышенка аудандық қаржы бөлімінің бюджет жөніндегі аға маманы, іс-шараларды қаржыландыру жөніндегі бас маманы (06.12.1991-23.07.1997)
Булаев аудандық қаржы бөлімінің бюджеттік үстелінің бас маманы (25.07.1997-20.05.1998)
Солтүстік Қазақстан облысы Қаржы басқармасының білім беру ұйымдарын қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы (20.05.1998-27.08.2013)
Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы басшысының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары (28.08.2013-12.04.2015)
Петропавл қаласы әкімінің экономика, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария мәселелері жөніндегі орынбасары (13.04.2015-11.2024)
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алулар басқармасының басшысы (11.2024 жылдан бастап)
Білімі
С.М. Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институты (1991)
«Инженер-жерге орналастырушы» мамандығы
Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университеті (2001)
«Қаржы және несие» мамандығы
Марапаттары
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (16.12.2016)
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі (16.12.2021)
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (16.12.2017)