«Мұнай және геожүйелік инжиниринг орталығының» химиялық технологияларды қолдану жолымен мұнай-газ беруді арттыру жөніндегі инженер-зерттеушісі, Остин қ., Техас шт. (АҚШ) (2008 – 2010)
«ExxonMobil» корпорациясында Калифорния, Колорадо, Техас (АҚШ) штаттарында және Атырау облысында бұрғылау инженері, Иракта – бұрғылау аға инженері, Ресей Федерациясында – бұрғылау бас инженері (Сахалин аралы), Атырау қаласында – «Қашаған» жобасының мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысында ұңғымаларды жайластыру жөніндегі аға жобалау инженері (2010 – 2016)
Шотландияның Перт қаласындағы «Merlin ERD» компаниясында кәсіпшілік супервайзерлердің жетекшісі және бұрғылау жөніндегі жетекші инженері (2016 – 2018)
Колумбия, Оман, РФ, Аляска штаты (АҚШ) және Ұлыбританиядағы жобаларда «McKinsey and Company» Лондондық офисінде мұнай-газ өнеркәсібінің басқарушы кеңесшісі және жаһандық сарапшысы (2018 – 2019)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, геология саласына жетекшілік етті (2019 – 2020)
«Нафтогаз УГВ» Бас директорының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары – Украинаның «Нафтогаз» ұлттық мұнай-газ компаниясының «Барлау және Өндіру» дивизионы директорының орынбасары (2020 жылғы мамыр – 2022 жылғы ақпан)
"QazaqGaz" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы (2022-2025)
ҚР энергетика вице-министрі (29.08.2025 бастап)
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген (2009 ж)
Техас Университетін (Остин қ., АҚШ) «Мұнай-газ инжиниринг» мамандығы бойынша бітірген (2010 ж)
Санжар Жаркешов Британдық Инженер-Механиктер Институты Кеңесінің мүшесі, Британдық «Кәсіпқой-Инженер «Chartered Engineer» атағының иегері