Сапанов Дархан Бакытжанович

Сапанов Дархан Бакытжанович

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Туған күні
2 қаңтар 1985, 41 жаста
Туған жері
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

2007 жылғы қазан – 2007 жылғы желтоқсан – Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің инспекциялау бөлімінің бас маманы.

2008 жылғы қаңтар – 2008 жылғы тамыз – «Астанаэнергосбыт» ЖШС Халықпен жұмыс департаментінің инженері.

2008 жылғы тамыз – 2009 жылғы тамыз – Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің сарапшысы.

2009 жылғы тамыз – 2020 жылғы қараша – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, сектор меңгерушісі, бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2020 жылғы қараша – 2023 жылғы ақпан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2023 жылғы ақпаннан бастап – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

Білімі

2007 жыл – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті.

2009 жыл – Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, мамандығы: жылу энергетика инженері, менеджер.

Марапаттары

2018 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.