Сатыбалды Ересұлы Бұршақов

Сатыбалды Ересұлы Бұршақов

ҚР Құрылтайының I шақырылым депутаты («Әділет» партиясы)

Туған күні
24 тамыз 1968, 58 жаста
Туған жері
Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауданы
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы (1993)

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа елдері басқармасының референті, атташесі (1993–1995)

Қазақстан Республикасының Венгрия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы (1995–2000)

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы, кеңесшісі, Еуропа және Америка департаменті бөлімінің бастығы (2000–2002)

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі (2002–2007)

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі (2007–2011)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі (2011–2012)

Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары, Франция (2012–2017)

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары (2018–2019)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының басшысы (29.03.2019–07.2019)

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі (07.2019–2019)

Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі (09.2019–26.03.2024)

Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қоса атқарушы негізде (10.2020–26.03.2024)

Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (26.03.2024–27.08.2026)

«Әділет» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылым депутаты (27.08.2026 жылдан бастап)

Білімі

Алматы шет тілдері педагогикалық институты (1993)
«Ағылшын және орыс тілдерінің мұғалімі» мамандығы

Нидерландтың «Клингендаел» халықаралық қатынастар институты (1995)

Шетел қызметі академиясындағы курстар, Исламабад (1994)

Дипломатиялық дәрежесі — I сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2021)

«Халық алғысы» медалі (2020)

Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2010)

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2008)

ҚР СІМ мерейтойлық медальдары (2017, 2022)

«АӨСШК-ге 30 жыл» мерейтойлық медалі (2022)

Кипр Республикасындағы «2021 жылдың дипломаты» сыйлығының лауреаты