Сейтхан Жошыбайұлы Жошыбаев

Сейтхан Жошыбайұлы Жошыбаев

«Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» ЖШС-нің директоры

Туған күні
9 маусым 1939, 87 жаста
Туған жері
Қазақстан, Жамбыл облысы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

1962–1967 жылдары – Нарын қалалық ауруханасының хирург-дәрігері

1967–1970 жылдары – А.М. Бакулев атындағы Жүрек-қантамыр хирургиясы институтының аспиранты

1970–1973 жылдары – Қырғыз КСР-інің Фрунзе қаласындағы республикалық клиникалық ауруханасының дәрігер-ординаторы

1973–1974 жылдары – Фрунзе қаласындағы Қырғыз мемлекеттік медицина институтының жалпы хирургия кафедрасының ассистенті

1974–1977 жылдары – Қырғыз КСР-інің Фрунзе қаласындағы республикалық клиникалық ауруханасының хирург-дәрігері

1977–1979 жылдары – Фрунзе қаласындағы Қырғыз мемлекеттік медицина институтының жалпы хирургия кафедрасының ассистенті.

1979–1984 жылдары – Фрунзе қаласындағы Қырғыз кардиология ғылыми-зерттеу институтының кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі

1984–1992 жылдары – А.Н. Сызғанов атындағы Қазақ клиникалық және эксперименттік хирургия ғылыми-зерттеу институтының жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі

1992–1996 жылдары – Фрунзе қаласындағы Қырғыз кардиология ғылыми-зерттеу институтының жүректің жүре пайда болған ақаулары мен жүректің ишемиялық ауруларының зертханалық хирургиясы бөлімінің меңгерушісі

1996–2003 жылдары – Фрунзе қаласындағы Қырғыз кардиология ғылыми-зерттеу институтының жүрек хирургиясы бөлімінің меңгерушісі

2003–2005 жылдары – Ұлттық кардиология және терапия орталығы жанындағы Жүрек хирургиясы және трансплантология ғылыми-зерттеу институты директорының міндетін атқарушы

2005–2007 жылдары – Ұлттық кардиология және терапия орталығы жанындағы Жүрек хирургиясы және трансплантология ғылыми-зерттеу институтының жүректің жүре пайда болған ақаулары хирургиясы ғылыми-клиникалық бөлімінің меңгерушісі

2007 жылдан бастап – «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» ЖШС-нің директоры

Білімі

1962 жылы Қырғыз мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған

Марапаттары

Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы және Моңғолия Денсаулық сақтау министрліктерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған

КСРО мен Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерінің иегері

Қырғыз Республикасының «Даңқ» медалімен және Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған

«2003 жылдың адамы» және «XXI ғасырдың көрнекті тұлғалары» (2005) атақтарына ие болған

2008 жылы Қазақстан Республикасының «Парасат» орденімен марапатталған

2013 жылы Қазақстан Республикасының ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталған