Сергей Евгеньевич Компаниец

Сергей Евгеньевич Компаниец

ҚР Оқу-ағарту вице-министрі

Туған жері
Қазақстан; Ақмола облысы Тассуат ауылы
Тілдерді білуі
kz, ru, en

Өмірбаяны

2006–2009 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» мемлекеттік мекемесінде жүйетехник, директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарды

2009–2011 жылдары «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық» АҚ департаментінің директоры, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары болды

2015–2020 жылдары коммерциялық құрылымдарда, Шымкент қаласы әкімінің аппаратында басшылық қызметтер атқарды, сондай-ақ «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды

2020–2024 жылдары Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі, «Turkistan» арнайы экономикалық аймағын басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы орталық аппаратының ақпараттық технологиялар орталығының жетекшісі, «Қазақстан ГИС орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды

2024 жылғы 26 ақпаннан 2026 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары болды

2026 жылдың мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі

Білімі

Астана қаласындағы Басқару институты (2009) — есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша бакалавр

Шымкент қаласындағы Академиялық инновациялық университет (2011) — мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бакалавр

Джордж Вашингтон университетінің бизнес мектебі (2016) — технологиялар, ақпараттық жүйелер және басқару саласы бойынша магистр