Серік Ақмырзаұлы Кәріпбеков
Алматы қаласының прокуроры
Өмірбаяны
Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Павлодар облысы Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған
Ол бірқатар жауапты қызметтерді атқарды, соның ішінде бөлім және басқарма бастығы, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары
2020 жылдың маусымынан бастап Бас прокуратураның Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы болып жұмыс істеді
Білімі
Түркия Республикасындағы Стамбұл университетін бітірген
Сыныптық шені: 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі