Серік Амангелдіұлы Теміржанов
Боксшы
Өмірбаяны
2021 жылы Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Финалда АҚШ боксшысы Джамал Харвиге есе жіберді
2021 жылдың шілде-тамыз айларында Жапонияның Токио қаласында өткен Жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Алғашқы айналымда Венгрия өкілі Роланд Галошты жеңсе, екінші кезеңде америкалық Дюк Рэганнан жеңіліп қалды
2022 жылы Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Финалда Өзбекстан өкілі Абдумалик Халоковқа жол берді