Серік Сәтбекұлы Құрманбеков
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары
Өмірбаяны
Серік Сәтбекұлы Құрманбеков еңбек жолын 1995 жылы Талас аудандық ветеринариялық станциясында бухгалтер болып бастады
Талас аудандық ветеринариялық станциясының бухгалтері (12.06.1995 – 15.07.1998)
Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық статистика басқармасының жетекші маманы, бас маманы (06.10.1998 – 12.08.1999)
Тараз қаласындағы «Жамбыл облыстық статистикалық есептеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының бөлім бастығы – бас бухгалтері, директордың орынбасары (12.08.1999 – 03.03.2003)
Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық статистика басқармасы бөлімінің бастығы міндетін атқарушы, бөлім бастығы (03.03.2003 – 21.05.2003)
Тараз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімінің жетекші маманы (24.03.2005 – 23.06.2005)
Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы (23.05.2005 – 28.04.2008)
Жамбыл облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі (28.04.2008 – 10.06.2009)
Жамбыл облысы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары (10.06.2009 – 13.05.2011)
Жамбыл облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің облыс әкімінің бас инспекторы (13.05.2011 – 28.03.2017)
Жамбыл облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы (28.03.2017 – 30.11.2018)
Жамбыл облысы әкімі аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы (30.11.2018 – 23.05.2019)
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы (24.05.2019 – 17.03.2020)
Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2020 жылғы 17 наурыздан бастап)
Білімі
1995 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған