Серік Сағитжанұлы Сермағанбетов

Серік Сағитжанұлы Сермағанбетов

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы

Туған күні
29 қаңтар 1965, 61 жаста
Туған жері
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

· Алматы қаласындағы Балық шаруашылығы министрлігінің материалдық-техникалық жабдықтаудың орталық базасында бас экономист (1988–1989)

· Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қазрыбхоз» МКҰ-да 1-санатты маман (1989–1990)

· Қызылорда балық зауытында экономист-қаржыгер (1990–1991)

· Қызылорда облыстық халық депутаттары кеңесінде аға бухгалтер (1991)

· Қызылорда облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінде аға инспектор, аға маман, кеңесші (1992–1998)

· Қызылорда қаласы әкімі аппараты жанындағы қаржы-шаруашылық басқармасының іс басқарушысы (1999–2004)

· Қызылорда қаласы әкімі аппаратының басшысы (2005–2008)

· Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің орынбасары (2008–2009);

· Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы (2009–2011)

· Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі (2011–2014)

· «Байқоңыр» ӘКК ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (05.2014)

· «А-Сер и К» ЖШС басшысы (2014–13.10.2015)

· Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Дағдарыстық жағдайларда жұмылдыру жұмыстары және жедел талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (13.10.2015–05.2018)

· «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінің төрағасы (05.2018–05.2021)

· Қызылорда облысы Арал ауданының әкімі (05.2021–01.2024)

· Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы (01.2024–03.2025)

· Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы (03.2025 жылдан бастап)

Білімі

Алматы халық шаруашылығы институты (1982–1988)
Экономист мамандығы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (1999–2002)
Заңгер мамандығы