Серік Жақсығалиұлы Борамбаев

Серік Жақсығалиұлы Борамбаев

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары

Туған күні
16 сәуір 1969, 57 жаста
Туған жері
Қазақстан; Павлодар қаласы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Қызыл тулы Каспий флотилиясының әскери бөлімдерінде әскери қызмет атқарды (1990–1992).

Жергілікті әскери басқару органдарында әскери қызмет атқарды (1992–2004).

ҚР ҚМ Әскери-теңіз институты, институт бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары – тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы (2004–2005).

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінде тыңдаушы (2005–2007).

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының аға офицері (2007–2008).

ҚР ҚМ Әскери-теңіз институты, институт бастығының орынбасары – штаб бастығы (2008–2011).

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының орынбасары – 29011 әскери бөлімінің командирі (2011–2013).

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы (2013–2014).

ҚР Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы БШФ АК тыңдаушысы (2014–2015).

ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының орынбасары (тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша) – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы (2015–2016).

ҚР Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникация департаментінің бастығы (2016–2019).

ҚР ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы (2019).

ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы (2019–2022).

ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы (2022–2023).

ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы (2023–2024).

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы (2024–2025).

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары (2025 бастап).

Білімі

РОМИ (Алматы қ., 1986)

Киев жоғары саяси әскери-теңіз училищесі (1990)

РФ ҚМ әскери университеті (2007)

Атырау Мемлекеттік университеті (сырттай, 2009) 

РФ ҚМ әскери университетінің Адъюнктурасы (сырттай, 2010)

Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстар (2015)

PhD ғылыми атағы 

Марапаттары

ІІ дәрежелі "Айбын" ордені (2016)

ІІ дәрежелі "Даңқ" ордені (2024)