Сержан Сәрсенбекұлы Назарбек

Сержан Сәрсенбекұлы Назарбек

Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Туған жері
Қазақстан, Жамбыл облысы
Тілдерді білуі
kz, ru, en

Өмірбаяны

Ұлттық медициналық холдинг ғылым және білім департаментінің бас менеджері қызметін атқарған

2016–2018 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің республикалық орталықтарында корпоративтік басқару қағидаттары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жобаларына қатысқан

2018 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы штаб-пәтерінде (Женева, Швейцария) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі болған

2018–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК басқарушы директоры қызметін атқарған

2020 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК директорының орынбасары болған

2020–2021 жылдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұлттық қызметкері болып жұмыс істеген

2021–2024 жылдары «Sapaly med Qyzmet» сервистік қызметтер қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы болған

2025 жылғы 26 мамырдан бастап Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарады

Білімі

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті тәмамдаған

Билефельд университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі білім алған

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы түлегі