Шайх-Хасан Сатарқұлұлы Жазықбаев

Шайх-Хасан Сатарқұлұлы Жазықбаев

ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары
Туған күні
20 Қыркүйек, 1976
48 жас
Туған жері
Қазақстан, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Қылышбай (бұрынғы Карл Маркс) ауылы
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

74261 әскери бөлімінде РАВ қызметінің бастығының көмекшісі (1999–2004 жж.)

28079 әскери бөлімінде рота командирі (08.2004–03.2006 жж.)

89427 әскери бөліміндегі Қазақстанның бітімгершілік батальоны «Қазбаттың» инженерлік-саперлік (арнайы мақсаттағы) жасағының қамтамасыз ету тобының командирі (03.2006–01.2007 жж.)

89427 әскери бөліміндегі Қазақстанның бітімгершілік батальоны «Қазбаттың» командирінің орынбасары (01.2007–05.2008 жж.)

28079 әскери бөлімінде штаб бастығы – батальон командирінің орынбасары (05.2008–06.2008 жж.)

28079 әскери бөліміндегі Қазақстанның бітімгершілік батальонының командирі (06.2008–06.2013 жж.)

61993 әскери бөлімінде командирдің бірінші орынбасары – штаб бастығы (06.2013–09.2013 жж.)

61993 әскери бөлімінің командирі (09.2013–12.2016 жж.)

Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысы басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы – қолбасшының (жауынгерлік даярлық жөніндегі) орынбасары (12.2016–08.2017 жж.)

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің штаб бастығы – қолбасшының бірінші орынбасары (07.2019–22.06.2021 жж.)

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы (22.06.2021–09.02.2024 жж.)

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары (09.02.2024 ж. бастап)

Білімі

Пенза жоғары артиллериялық инженерлік училищесі (1999 ж)

Ұлттық қорғаныс университеті (2013 ж)

Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясы (2019 ж)

Марапаттары

II дәрежелі «Даңқ» және «Айбын» ордендерімен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған

Фото