Шахмардан Сұлтанбекұлы Қойшыбаев
Қызылорда облысының Ветеринария басқармасының басшысы
Өмірбаяны
1990–1997 жылдары – Шиелі ауданындағы Ы. Жақаев атындағы колхоздың жұмысшысы
1997–2001 жылдары – колхоздың агроном-бухгалтері, «Шахмардан» шаруа қожалығының төрағасы
2001–2005 жылдары – Шиелі ауданы әкімдігі аппаратындағы ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы, бас маманы
2005–2011 жылдары – облыстық Ауыл шаруашылығы департаменті бөлімінің бастығы, облыс әкімдігі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары
2011 жылғы шілде – 2012 жылғы наурыз – Қызылорда облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары
2012 жылғы 12 наурыз – 2020 жылғы қыркүйек – Қызылорда облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы
2020 жылғы қыркүйек – 2021 жылғы мамыр – Қызылорда облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
2021 жылғы мамырдан бастап – Қызылорда облысының Ветеринария басқармасының басшысы
Білімі
Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын «ғалым-агроном» мамандығы бойынша тәмамдаған
«Болашақ» университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген