Шарбиев Нуркен Кожамуратович

Шарбиев Нуркен Кожамуратович

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі
Туған күні
24 Қаңтар, 1976
49 жас
Туған жері
Солтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

Еңбек жолын 1998 жылы шаруа қожалығында бас экономист қызметінен бастаған.

2000–2002 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаментінде, Стратегия және мемлекеттік реттеу департаментінде, Индикативтік жоспарлау және экономикалық талдау басқармасында жетекші және бас маман болып жұмыс істеген.

2002–2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарған.

2011–2012 жылдары — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.

2012–2013 жылдары — Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары (Мәскеу қ.).

2013–2014 жылдары — «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры.

2014–2017 жылдары жеке секторда жұмыс істеген.

2017–2018 жылдары — «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2018–2020 жылдары — «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы.

2020–2022 жылдары — «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры – департамент директоры.

2022 жылғы маусымнан 2023 жылғы қаңтарға дейін — «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобалық офисі хатшылығының басшысы.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Білімі

С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті (1998)
«АӨК экономикасы және менеджменті» мамандығы

Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті (2012)
«Құқықтану» мамандығы