Шерзод Аббозұлы Пулатов

Шерзод Аббозұлы Пулатов

ҚР Құрылтайының I шақырылым депутаты («Әділет» партиясы)

Туған күні
28 желтоқсан 1978, 47 жаста
Туған жері
Өзбекстан Республикасы, Андижан қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

«Түрік-Цемент» ЖШС құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорнының қаржы директоры

«KazSnabService TTM» ЖШС коммерциялық-сауда кәсіпорнының бас директоры

«ТаразКожОбувь» ЖШС былғары және аяқ киім зауытының бас директоры

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Дін мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ бөлім бастығы – бас ғылыми қызметкері

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ғылыми зерттеулерді үйлестіру және Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесімен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары (04.2019–11.2020)

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі

Нұр-Сұлтан қаласының «Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Қазақстан Республикасының өзбектері «Дустлик» республикалық қауымдастығының жастар қанатының жетекшісі және діни мәселелер жөніндегі сарапшы, кәсіби медиатор

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі (14.06.2022)

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша кандидат (21.07.2026)

«Әділет» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылым депутаты (27.08.2026 жылдан бастап)

Білімі

М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
«Құқықтану» мамандығы

Халықаралық тілдер институты
«Ағылшын және араб тілдерінің аудармашысы» мамандығы

Пәкістан, Исламабад қаласындағы Халықаралық ислам университеті
«Ислам құқығы және құқықтану» мамандығы

АҚШ-тағы Нью-Йорк «Peace» институтының «Planning Change» даярлау орталығында медиация бойынша оқу курсы