Шолпан Таңатқызы Каринова
ҚР Құрылтайының I шақырылым депутаты («Әділет» партиясы)
Өмірбаяны
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласындағы №5 орта мектептің директоры (2004-2005)
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінің бастығы (2005-2008)
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің басшысы (2008-2009)
Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы бастығының орынбасары (2009-2012)
Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік сала жөніндегі орынбасары (10.05.2012 жылдан бастап)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры (03.07.2017-2018)
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары (10.2018-08.2019)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі (08.2019-09.2021)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым бірінші вице-министрі (09.2021-08.2022)
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі (08.2022-06.2023)
«AMANAT» партиясының хатшысы (08.2023-06.2026)
«Әділет» партиясы төрағасының білім беру мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (06.2026 жылдан бастап)
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (26.05.2025 жылдан бастап)
Сайланбалы лауазымдар, депутаттық қызметі:
«Әділет» партиясы» ҚБ партиялық тізімі бойынша ҚР Құрылтайының депутаттығына кандидат (21.07.2026)
Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылымының «Әділет» партиясынан депутаты (27.08.2026 жылдан бастап)
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (28.08.2026 жылдан бастап)
Білімі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты (1994)
Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің «Педагогикалық білім беру» бағыты бойынша магистратурасы (2016)
Марапаттары
«Ерен еңбегі үшін» медалі (16.12.2021)