Шыңғыс Әлібекұлы Ануарбеков
- Туған күні
-
03 Сәуір, 197946 жас
- Туған жері
-
Қазақстан
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінде жергілікті салықтар бөлімінің маманы, жеке тұлғаларды тексеру бөлімінің салық инспекторы, жеке және заңды тұлғалардың салық аудиті секторының салық инспекторы (01.1998–09.1999)
Алматы қаласы Салық комитетінде аудит бөлімінің жетекші, бас салық инспекторы (09.1999–06.2002)
Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінде жеке тұлғаларды аудиттеу бөлімінің бастығы (06.2002–10.2004)
Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінде жеке тұлғаларды аудиттеу бөлімінің бастығы (10.2004–07.2006)
Алматы қаласы Салық комитетінде бөлім бастығы, басқарма бастығы (07.2006–08.2008)
Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары (08.2008–02.2010)
Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасы бастығының орынбасары (02.2010–06.2010)
Жамбыл облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары (06.2010–2015)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Камералдық бақылау және қашықтықтан мониторинг басқармасының басшысы (2015–05.2019)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (08.05.2019–08.2022)
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (2022 жылғы тамыздан бастап)
Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі (1997), мамандығы – «Қаржы»
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (2000), мамандығы – «Қаржы және несие»
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2003), мамандығы – «Құқықтану»
«ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (2011)
«Салық қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған (2012)
«ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (2016)
«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (2020)
«Құрмет» орденімен марапатталған (2020)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне – 100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (2021)
«ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (2021)