Сопрун Оксана Анатольевна
- Туған күні
-
26 Мамыр, 197649 жас
- Туған жері
-
Винница облысы, Могилев-Подольский қаласы, Украина
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша
Еңбек өтілі:
– Еңбек жолын Ақтөбе филиалы «Қазақтранстехмонтаж» АҚ өндірістік-техникалық бөлімінің технигі ретінде бастады (1996 ж.).
– 1996–2005 жж. аралығында «Ақтөбенефтесвязь» АҚ өндірістік-техникалық бөлімінің инженері, «Султан-маркетинг» ЖШС менеджері, «ИСИС агенттігі» ЖШС орынбасары, облыстық жастар үйінің тәрбиешісі, «Юста-АРТ» ЖШС хатшысы-референт, «АРТ-Ойл» ЖШС директоры, «БИКО» ЖШС БАӨ жетекшісі қызметтерін атқарды.
– 2005–2018 жж. аралығында Ақтөбе облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында құрылыс сапасын бақылау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, рұқсат беру және инспекциялау процедуралары бөлімінің бастығы, басқармадағы мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бастығы және басқарма орынбасары қызметтерін атқарды.
– 2018–2024 жж. аралығында Ақтөбе облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болды.
– 2024 жылғы қаңтардан бастап Ақтөбе облысы әкімдігі аппаратының басшысының орынбасары қызметін атқарады.
1995 жылы Ақтөбе теміржол техникумын, 2001 және 2011 жылдары С.Бәйішев атындағы Университетті тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі – техник-құрылысшы, жоғары кәсіби білімі бар экономист-қаржыгер, құрылысшы.