
Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов
- Туған күні
-
12 Ақпан, 196560 жас
- Туған жері
-
Ресей Федерациясы, Астрахан облысы, Володар ауданы, Зеленга ауылы
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша
Әскери шені: генерал-лейтенант (2020 ж)
Германиядағы Кеңес әскерлері тобы құрамының 58975 әскери бөлімінде әскери қызмет атқарды (1986–1989 жж.)
73842 әскери бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды (1989–1992 жж.)
25744 әскери бөлімінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды (1992–1994 жж.)
Бронды танк әскерлері Әскери академиясының тыңдаушысы (1994–1997 жж.)
ҚР ҚК әскери бөлімдерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды (1997–2004 жж.)
31775 әскери бөлімінің командирі (2004–2006 жж.)
ҚР Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері (2006 ж.)
«Шығыс» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы штабы бастығының орынбасары (2006–2007 жж.)
Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының (жауынгерлік даярлық бойынша) орынбасары – «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы (2007–2008 жж.)
Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Әскери академиясының тыңдаушысы (2008–2010 жж.)
Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы штаб бастығы (2010–2012 жж.)
Өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – «Астана» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасы штаб бастығы (2012–2013 жж.)
«Астана» ӨңҚ әскерлерінің қолбасшысы (2013–2016 жж.)
Бас штаб бастығы – ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары (2016–2017 жж.)
Аймақтық қорғаныс бас басқармасының бастығы – ҚР Қарулы Күштерінің аймақтық әскерлерінің бастығы және ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Аймақтық қорғаныс департаментінің бастығы лауазымдарында қызмет атқарды (2017–2019 жж.)
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы (2019–2021 жж.)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары (тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша) (2021–2024 жж.)
Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды (2024 бастап)
Ташкенттегі жоғары командалық танк училищесін (1986 ж)
Бронды танк әскерлерінің Әскери академиясын (1997 ж)
Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген (2010 ж)
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталған.(2017 ж)
І дәрежелі «Даңқ» орденімен наградталған.(2024 ж)