Сүндет Абдрахманұлы Байғожин
Опера әншісі
Өмірбаяны
Сүндет Әбдірахманұлы Байғожин 1984 жылы 13 наурызда дүниеге келген
2004–2008 жылдары Қазақ ұлттық өнер университетінде «жеке орындаушы» мамандығы бойынша білім алған
2007 жылдан Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында солист болып қызмет атқарды
2013 жылдан «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші опера әншісі
Білімі
Қазақ ұлттық музыка академиясында «Жеке ән айту» мамандығы бойынша білім алды
Марапаттары
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты
2011 жылы Президент жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталған
2016 жылы ТМД Халықаралық парламенттік ассамблеясының «ТМД мәдениет пен өнерге сіңірген еңбегі үшін» алтын медалімен наградталған
2017 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталған
Жетістіктері:
Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты
Н. Тілендиев атындағы халықаралық фестивальдің бас жүлдегері
Б. Төлегенова атындағы халықаралық фестивальдің бас жүлде иегері
«Тоти Даль Монте» халықаралық конкурсының бас жүлде иегері (Тревизо, Италия)
Arena di Verona халықаралық опера әншілері конкурсының бас жүлде иегері (Италия)