Сүндет Нұрланұлы Сұлтанов

Сүндет Нұрланұлы Сұлтанов

Балет әртісі

Туған күні
9 қазан 1992, 33 жаста
Туған жері
Қазақстан, Маңғыстау облысы
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

2011–2017 жылдары Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры мен Астана Опера балет группаларында өнер көрсетті

2017 жылдан бастап Астана Балет театры труппасының әртісі

Репертуарындағы партиялар

  • «Контрасттар» – Рубен Терранованың хореографиясы;
  • «Жизель» (Жизельдің достары), «Иллюзияның жанасуы», A fuego lento, Diversity, Longing – Рикардо Амарантенің хореографиясы;
  • «Вальпургия түні» (Дионис, Вакх), «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (Қозы Көрпеш), «Ақшақар ханшайым» (Кай) – Георгий Ковтунның хореографиясы;
  • «Махаббаттың жоғалған пұттары» – Николо Фонтенің хореографиясы;
  • In the Middle, Somewhat Elevated – Уильям Форсайттың хореографиясы;
  • «Күлбике» (Ханзада) – Надежда Калининаның хореографиясы;
  • «Щелкунчик» (Ханзада) – Василий Вайноненнің хореографиясы;
  • Instinct – Дэвид Джонатанның хореографиясы;
  • «Желтораңғы туралы аңыз» (Жігіт) – Анвара Садықованың хореографиясы;
  • «Серенада», «Фортепиано мен оркестрге арналған каприччио» – Джордж Баланчиннің хореографиясы;
  • «Орфей мен Эвридика» (Орфей) – Кристина Полиннің хореографиясы;
  • «Махаббат туралы аңыз» (Ферхад) – Юрий Григоровичтің хореографиясы;
  • «Кармен-сюита» (Хосе) – Альберто Алонсоның хореографиясы;
  • «Ромео мен Джульетта» (Ромео, Парис) – Владимир Яковлевтің хореографиясы;
  • Soli Deo Gloria («Соңғы махаббат») – Айнұр Әбілғазинаның хореографиясы;
  • «Жеті қазына» (Жігіт) – Уалитбек Сиязбектің хореографиясы;
  • «Жусан» (Жігіт), «Тағдыр арқандары» (Диуана), «Жібек жолы» (Монах), «Махаббат тілі» (Ақын), «Саломея» (Иоанн), «Сұлтан Бейбарыс» (Бейбарыс), «От қыз» (Мерген) – Мұқарам Авахридің хореографиясы;
  • Nine (Қара) – Олжас Махамбетәлиевтің хореографиясы;
  • «Желтоқсан жаңбыры» (Фредерик Шопен) – Кристина Полиннің хореографиясы;
  • Blind Forgiveness (Жігіт) – Кирилл Радевтің хореографиясы;
  • «Екі кілем» (Самир) – Александр Могилевтің хореографиясы.

Сондай-ақ оның репертуарында келесі хореографиялық миниатюралар бар:

  • «Балбраун» – Дәурен Әбіровтің хореографиясы;
  • «Баядерка» балетінен Pas d'action – Мариус Петипаның хореографиясы;
  • «Спартак» балетінен адажио – Георгий Ковтунның хореографиясы.

Білімі

А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі (педагог С.Ж. Қосмановтың сыныбы), 2010 жылы тәмамдаған

Челябі мемлекеттік педагогикалық университеті, «Мәдениеттану» мамандығы бойынша білім алған (2014)

Марапаттары

«Ерен еңбегі үшін» медалі (2021)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сыйлығының лауреаты (2021)

«Тикетон» сыйлығының «Жыл әртісі» номинациясының иегері (2022)

«Жаңа Қазақстанның 100 жаңа есімі» энциклопедиясының қатысушысы (2022)

Benois de la Danse халықаралық сыйлығының дипломанты (2025)

«Құрмет» ордені (2026)